info@benelux.kz
Сауда Палатасы Президентінің Нидерланд Корольдігінің ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесуі
Баспасөз релизі2023 жылғы қараша

Сауда Палатасы Президентінің Нидерланд Корольдігінің ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесуі

БеНиЛюкс Сауда Палатасы
Оқу уақыты — 1 мин

2023 жылғы 1 қарашада Алматы қаласындағы БеНиЛюкс Сауда Палатасы Өкілдігі кеңсесінде Сауда Палатасы Президенті мырза Денис Ван ден Вейхтің Нидерланды Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі мырза Нико Схермерспен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Сауда Палатасы мен Нидерланды Корольдігінің Елшілігі арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Қазақстан мен Нидерланды арасындағы бизнес пен сауда қатынастарын дамытуға бағытталған ағымдағы және болашақ бастамалар мен жобалар қозғалды. Бизнесті ілгерілету және ағымдағы қиындықтарды шешуде өзара көмек көрсету, өзара іс-қимыл мен күш-жігерді үйлестіруді нығайту жөнінде бірлескен жұмыс мәселесі талқыланды.

Тараптар сондай-ақ Қазақстан мен Нидерланды арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға бағытталған бірлескен іс-шаралардың болашақ жоспарларын талқылады.

БеНиЛюкс Сауда Палатасы Президентінің Нидерланды Корольдігінің Елшісімен кездесуі екі ел арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын және серіктестік қатынастарды одан әрі нығайтуға деген ұмтылысты атап көрсетті.

Нидерланды ауыл шаруашылығы компанияларының ірі делегациясының (Dalsem Complete Greenhouse Projects, Prins Group, Ridder, Nijhuis Saur industries, Newlong Holland B.V. және басқалары) Нидерландының ауыл шаруашылығы, табиғат және азық-түлік сапасы жөніндегі вице-министрі мырза Ян Кейс Худа бастауымен осы жылғы 1–3 қарашада Алматы қаласында өтетін «AgroWorld Qazaqstan» халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысу үшін Қазақстанға келгенін ескеру қажет.

Нидерланд ауыл шаруашылығы компаниялары ЕО-дағы ауыл шаруашылығы саласының көшбасшыларының бірі бола отырып, сала үшін маңызды осы іс-шараға Қазақстанда жыл сайын қатысатынын атап өткен жөн.

Фотогалерея

Сайт дұрыс жұмыс істеуі және ыңғайлы болуы үшін cookie файлдарын пайдаланамыз. Толығырақ