
Еуропалық одақ елдері елшілерінің және еуропалық сауда палаталары өкілдерінің ҚР Денсаулық сақтау министрімен кездесуі
7 желтоқсанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ғимаратында Қазақстан Республикасы Үкіметінің басшылығымен «Business Platform» форматындағы тоқсан сайынғы кездесулер аясында Қазақстанда аккредиттелген Еуропалық одақ елдерінің елшілері мен еуропалық сауда палаталары өкілдерінің ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Гиниятпен кездесуі өтті.
Министр Ажар Гиният Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің ҚР-да медициналық инфрақұрылымды одан әрі дамытуды көздейтін «денсаулы ұлт» және «ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» сияқты негізгі ұлттық бағдарламаларын таныстырды. Түрлі облыстарда көпбейінді аурухана мен емхана салу аясында Министр еуропалық инвесторларға мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қарастыруды ұсынды.
ҚР халқына сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өте отырып, тараптар ел дәрігерлері мен медициналық персоналының біліктілігін арттыру саласында жетекші еуропалық институттармен тығыз ынтымақтасуға келісті.
Қорытындысы бойынша тараптар технологиялар трансферін, аурухана мен емхана салуды, медицина саласындағы озық тәжірибелерді зерттеуді қоса алғанда, кең ауқымды мәселелерді талқылау үшін ЕО елдерінің елшілері мен фармацевтикалық компанияларының өкілдері және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығы қатысатын Жұмысшы топша құруға келісті.
Сондай-ақ, БеНиЛюкс Сауда палатасы мен «СК-Фармация» дәрі-дәрмекті орталықтандырылған сатып алу ережелерін түсіндіру, сондай-ақ әлеуетті инвесторларды қазақстандық фармацевтикалық өнім өндірісін арттыру жөніндегі қолдау шаралары туралы хабардар ету мақсатында Палата мүшелері үшін 2023 жылғы ақпанда дөңгелек үстел өткізуге келісті.
Фотогалерея
Ұқсас жарияланымдар
БеНиЛюкс Сауда Палатасы Бельгия сауда миссиясы аясында «Doing Business in Kazakhstan» семинарына қатысты

IGK Group мен БеНиЛюкс Палатасының дөңгелек үстелі: «Заманауи реалийлердегі тәуекел-менеджмент»

Санкциялық комплаенс және оның Қазақстанға әсері бойынша семинар


