info@benelux.kz
Бельгия делегациясымен кездесу
Кездесу2022 жылғы қазан

Бельгия делегациясымен кездесу

БеНиЛюкс Сауда Палатасы
Оқу уақыты — 1 мин

2022 жылғы 16 қазанда БеНиЛюкс Сауда Палатасының кеңсесінде Сыртқы істер министрлігі Екіжақты мәселелер департаментінің директоры Jeroen Cooreman, Кавказ өңірі мен Орталық Азия жөніндегі жауапты Guillaume Choquet, сондай-ақ Бельгия Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Henry Vantieghem құрамындағы бельгия делегациясының Палата басшылығымен — Бас Директор Нұрбек Ергешбаев пен Бас Хатшы Ерлан Ғалиевпен кездесуі өтті.

Келіссөздер барысында Бас Директор Нұрбек Ергешбаев Палатаның 2021–2022 жылдардағы атқарған жұмысы туралы толық ақпарат беріп, Қазақстан аумағында бизнесті дамыту мен ілгерілету саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Бельгия тарапы Іскерлік кеңесте Бельгия Корольдігінен жауапты орган ретінде БеНиЛюкс Сауда Палатасы болатынын хабарлады.

Кездесу қорытындысы бойынша елдеріміз арасындағы іскерлік ынтымақтастықты одан әрі күшейту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Фотогалерея

Сайт дұрыс жұмыс істеуі және ыңғайлы болуы үшін cookie файлдарын пайдаланамыз. Толығырақ