info@benelux.kz
ESGQ-мен меморандумға қол қою
Баспасөз релизі2022 жылғы қараша

ESGQ-мен меморандумға қол қою

БеНиЛюкс Сауда Палатасы
Оқу уақыты — 1 мин

30 қарашада Астанадағы БеНиЛюкс Сауда палатасының Кеңсесінде «Ассоциация «БеНиЛюкс Сауда Палатасы» ЗТБ мен ESGQ рейтингілік агенттігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, оны БеНиЛюкс тарапынан Бас директор Ануар Куржикаев, ESGQ тарапынан Бас директор Ерлік Қаражан қол қойды.

ESGQ агенттігінің Орталық Азиядағы жергілікті құрамдас бөлігі бар алғашқы ESG рейтингілік агенттігі болып табылатынын және озық халықаралық стандарттар мен тәжірибелерге сай келетінін, сондай-ақ БеНиЛюкс Сауда палатасының ESGQ әдістемесін Палата мүшелері арасында таратуға және өз жұмысында тұрақты даму мәселелерін барынша ескеретін және ESG стандарттарын енгізетін Бельгия, Нидерланды мен Люксембургтен компанияларды Қазақстан нарығына тартуға ниетін ескере отырып, тараптар Қазақстанда ESG-тәуекелдерін басқару жөніндегі ортақ бастамаларды ілгерілетуде тығыз өзара іс-қимыл жасауға келісті.

Тараптар сондай-ақ БеНиЛюкс Сауда палатасының мүшелері, Палатаның қазіргі шетелдік инвесторлары, сондай-ақ қазақстандық кәсіпкерлер үшін ҚР мен Орталық Азияда акселерациялық бағдарламаларды, практикалық семинарларды, шеберлік сыныптарын, тәлімгерлікті және т.б. қамтитын бірлескен іс-шаралар өткізуді көздейді.

Сонымен қатар, тараптар жаһандық климаттың өзгеруімен күресуді және Орталық Азия елдеріндегі ESG бастамаларын «жасыл» және басқа да үздік тәжірибелерге тиімді инвестиция тарту арқылы қолдау үшін нарықтағы ақпарат, білім мен үрдістермен алмасуға келіседі.

Фотогалерея

Сайт дұрыс жұмыс істеуі және ыңғайлы болуы үшін cookie файлдарын пайдаланамыз. Толығырақ