
Голландтар Алматыдағы ауа тазалығы үшін күресуге көмектеседі
Бұл жайт Жерді серіктік-навигациялық жүйелер арқылы бақылауға арналған семинарда белгілі болды. Әңгіме озық ғарыштық технологиялардың көмегімен Алматыдағы ластануды мониторингтеу туралы болып отыр.
Бұл Nevasco (Нидерланды) компаниялар тобына кіретін бір компания мен Алматы қаласы әкімдігінің ынтымақтастығы аясында мүмкін болмақ.
Компания өкілі Едо ЛОНЕН олардың технологиялары ластану көздерін анықтауға мүмкіндік беретінін мәлімдеді. Ал ауа жағдайын әр сағат сайын бақылауға болады.
Ғарыштық технологияларды голландтар әртүрлі салаларда кеңінен қолданады: мысалы, мұнай-газ секторында құбырлардан метан ағуын қадағалауға болады. Ал ауыл шаруашылығында су тұтыну мен өнімділікті болжауға болады. Nevasco вице-президенті Роб БЕКТІҢ айтуынша, ғарышта шекара жоқ. Голландтар америкалық, жапондық, еуропалық және тіпті алжирлік серіктерді кеңінен пайдаланады.
Nevasco құрамына түрлі міндеттерді шешуге жеткілікті тәжірибесі бар сегіз компания кіреді. Біз үшін Қазақстанмен бизнес-серіктестікті нығайту өте маңызды,
– деді Нидерландының Қазақстандағы Елшісі Андре КАРСТЕНС.
Іс-шараны «БеНиЛюкс» сауда палатасы ұйымдастырды.
«БеНиЛюкс» сауда палатасы бір жыл бұрын құрылды. Қазіргі уақытта осы өңір елдері (Бельгия, Нидерланды және Люксембург. — Автордың ескертпесі) Қазақстандағы негізгі инвесторлардың бірі болып отыр,
– деп атап өтті Палатаның бас директоры Нұрбек ЕРГЕШБАЕВ.
Дереккөз: exk.kz.




