
БеНиЛюкс Сауда Палатасының мүшелері мен серіктестеріне арналған Нидерланд Корольдігінің ҚР-дағы Елшілігіндегі «Ашық есік күні»
2024 жылғы 7 ақпанда Астана қаласында БеНиЛюкс Сауда Палатасының мүшелері мен серіктестері үшін Нидерланды Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің «Ашық есік күні» өтті.
Нидерланды Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі мырза Нико Схермерс Елшіліктің әріптестері — Ауыл шаруашылығы, табиғат және азық-түлік сапасы жөніндегі кеңесші мырза Ари Велдхаузен және аға экономикалық қызметкер ханым Динара Амантурлиевамен бірге қатысушыларды қарсы алып, елшілік кеңсесінде Палатаның мүше және серіктес компанияларының өкілдерімен — «SOUDAL», «WPK», «ERG», «Rijk Zwaan», «САПЭК», «Nijhuis Saur Industries», «QazBioPharm» холдингі — кездесу өткізді.
Кездесу барысында қатысушылар Елшіге компаниялардың қызметі, нидерланд серіктестерінің қатысуымен жүзеге асырылып жатқан ағымдағы және болашақ жобалар туралы хабарлады. Компания өкілдері елшілікпен ынтымақтастыққа және елдер арасындағы сауда-инвестициялық байланыстарды нығайтуға қызығушылық білдірді. Нидерланды Еуропада көшбасшы позицияға ие ауыл шаруашылығы және су ресурстарын басқару салаларындағы маңызды мәселелер көтерілді.
Елші Палата мүшелері мен серіктестеріне Нидерланды Елшілігінің екі елдің бизнесін дамытуға қолдау көрсететінін растады.
Кездесудің соңында дипломаттар Елшілік кеңсесіне таныстыру сапарын өткізіп, қызметкерлер ұжымын таныстырды.
Анықтама үшін:
Нидерланды Қазақстан экономикасына бірінші инвестор болып табылады және Қазақстанның Еуропадағы ең ірі бес сауда серіктесінің қатарына кіреді. 2023 жылы елдер арасындағы тауар айналымы 4,4 млрд АҚШ долларын құрады (экспорт — 4 млрд, импорт — 400 млн). 2005 жылдан бері Нидерланды Корольдігінен ҚР-ға тікелей инвестициялар көлемі шамамен 117,7 млрд АҚШ долларын құрады.
Бейне авторы: Асқарбекова Арайлым (мобилограф)
Фотогалерея
Ұқсас жарияланымдар
Қазақстан мен Бельгияның Alem.ai-дағы Ректорлар форумы: университеттер ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды

Қазақстан — Бельгия іскерлік кеңесі: Антверпен-Брюгге мен Ақтау порттары, аса маңызды минералдар және протондық терапия

Қазақстан-бельгия ЖИ зертханасы және Гент университетінің телескопы: король Филипп Alem.ai орталығында болды


