
Бельгиялық және люксембургтық компаниялар қазақстандық нарықтағы қатысуын кеңейтуге бейім
Брюссель, 2022 жылғы 5 қыркүйек — Қазақстан Елшісі Мәрғұлан Баймұхан өндірістік желілерге барып, Қазақстан мен Орталық Азия нарығында өз бизнесін дамыту мүмкіндіктерін қарастырып жатқан «Norditube Technologies» (Бельгия) мен «Faymonville» (Люксембург) компанияларының басшыларымен келіссөздер жүргізді.
Льежде өткен кездесу барысында құбырларды траншеясыз қалпына келтіру технологияларын әлемдегі жетекші жеткізушілердің бірі «Norditube Technologies» компаниясының өндіріс жөніндегі директоры Фабрис Пиро компанияның Орталық Азия елдерінің нарықтарын игеру мақсатында қазақстандық серіктестермен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнату ниетін атап өтті. Бельгиялық компанияның жоғары технологиялық шешімдері коммуналдық желілерді қалпына келтіру шығындарын екі еседен астам қысқартатынын атап өткен жөн. Компанияда бүкіл әлемде түрлі модификациядағы және мақсаттағы құбыр желілерін сәтті реставрациялаудың мол тәжірибесі бар.
Сонымен қатар, ірі габаритті жүктерге арналған төмен рамалы тіркемелердің жетекші өндірушісі люксембургтық «Faymonville» компаниясы қазақстандық серіктестермен бірлесіп, өңірдегі клиенттерді қолдау үшін өз техникасына қызмет көрсетуді жолға қоя алады.
Люксембургте Елші М. Баймұхан сондай-ақ Еуропалық инвестициялық банктің Басқарушы директоры Рафаэль Рыбацкиймен кездесті. Қазіргі уақытта банк басшылығы Қазақстандағы экономикалық дамудың өзекті міндеттерін шешуге, бірқатар экологиялық мәселелерге оң әсер етуге, энергия үнемдеу технологияларын енгізуге ықпал ете алатын елімізде нақты жобаларды зерттеп жатыр. Банк делегациясының Қазақстан өңірлеріне кезекті жұмыс сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Дереккөз: gov.kz
Фотогалерея
Палата жаңалықтары поштаға
Аптасына бір рет, дүйсенбі күні — сайттың жаңа материалдары: Палата жаңалықтары, іс-шаралар және нарыққа шолу.
Ұқсас жарияланымдар
БеНиЛюкс Сауда Палатасы Бельгия сауда миссиясы аясында «Doing Business in Kazakhstan» семинарына қатысты

IGK Group мен БеНиЛюкс Палатасының дөңгелек үстелі: «Заманауи реалийлердегі тәуекел-менеджмент»

Санкциялық комплаенс және оның Қазақстанға әсері бойынша семинар


