
Денис Ван ден Вейх
Denis Van den Weghe
Президент
2021 жылғы сәуірде сайланды
Ван ден Вейх мырза 1984 жылы Бельгияда дүниеге келген. Ол Лёвен Католик Университетінің (Бельгия) химиялық инженерия бакалавры және магистрі дәрежесіне ие.
2013 жылдан бері Денис Ресей мен Беларусь бойынша Бельгия-Люксембург сауда-өнеркәсіп палатасының Директорлар кеңесінің мүшесі.
2013 жылдан 2021 жылға дейін ол Франция-Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасының Директорлар кеңесінің мүшесі болды.
2010 жылдан 2016 жылға дейін ол жапондық халықаралық тұтыну тауарлары (FMCG) компаниясында бірнеше басшылық лауазымдарды атқарды.
2017 жылғы ақпаннан бері мырза Ван ден Вейх Алматы қаласы мен Алматы облысындағы Бельгия Корольдігінің Құрметті Консулы болып табылады.
2017 жылғы шілдеден 2019 жылғы мамырға дейін ол «КОСК «Атакент» АҚ-ның Басқарма Төрағасы-Президенті болды.
2018 жылғы мамырдан 2019 жылғы маусымға дейін Денис «КОСК «Атакент» АҚ Директорлар Кеңесінің Мүшесі қызметін атқарды.
2019 жылғы тамыздан 2020 жылғы шілдеге дейін мырза Ван ден Вейх «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның Тәуелсіз директоры – Директорлар Кеңесінің Мүшесі және Директорлар Кеңесінің адами ресурстар, сыйақылар және әлеуметтік қамсыздандыру Комитетінің Төрағасы болды.
2018 жылғы шілдеден бүгінгі күнге дейін ол «Құрметті Консулдар Қоғамы» РҚБ Басқармасының Төрағасы болып табылады.
2020 жылғы сәуірден бері «Каз-Диа-Тест» ЖШС Атқарушы директоры болып табылады.
2020 жылғы мамырдан бері ҚР «Атамекен» ҰКП Президиумының Энергетика Комитетінің мүшесі болып табылады.
2021 жылғы сәуірден бері «БеНиЛюкс Сауда Палатасы» ЗТБ Президенті болып табылады.
2021 жылғы тамыздан бері Денис «Green Chemicals Kazakhstan» ЖШС Директорлар Кеңесінің Төрағасы болды.
Ол әртүрлі аурулар анықтауға арналған бір реттік тест-жүйелер өндірісі, қалдықтарды энергияға айналдыру, мұнай-газ саласы мен тау-кен металлургия өнеркәсібіне арналған химикаттар өндірісі, сондай-ақ суды тазарту саласындағы бірнеше жобаға тартылған. Ол нидерланд, француз, ағылшын және орыс тілдерін меңгерген. Ол Ұлыбритания мен Малайзияда бизнесті басқару, көшбасшылық, жаттықтырушылық шеберлік, қаржылық дағдылар мен стратегия бойынша семинарлардан өткен.

