
ЕО елшілерінің делегациясының Павлодар облысына сапары
Осы жылдың 19 қыркүйегінде Еуропалық одақ елдерінің сауда мәселелері бойынша елшілер мен кеңесшілерінің, сондай-ақ БеНиЛюкс Сауда палатасы мүше компанияларының делегациясының Павлодар облысына сапары өтті. Ұйымдастырушы — Қазақстандағы БеНиЛюкс Сауда Палатасы.
Делегация құрамына Қазақстандағы БеНиЛюкс Сауда Палатасының Президенті Денис Ван ден Вейх, Еуропалық Одақтың ҚР-дағы Елшісі Кестутис Янкаускас, Германияның ҚР-дағы Елшісі Моника Иверсен, Латвияның ҚР-дағы Елшісі Ирина Мангуле, Чехияның ҚР-дағы Елшісі Павол Сепелак, Эстонияның ҚР-дағы Елшісі Тоомас Тирс, Румыния мен Швеция елшіліктерінің өкілдері, сондай-ақ БеНиЛюкс Сауда Палатасының мүшелері — Alugal және MLC Trading компаниялары кірді.
Сапар аясында делегация Еуразиялық топқа (ERG) кіретін «Алюминий Қазақстан» АҚ пен «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ өндірістерін аралап, Павлодар облысы Әкімдігінің басшылығымен кездесу өткізді.
Павлодар алюминий зауытында өнеркәсіптік тур ұйымдастырылды, оның барысында делегаттарды негізгі өндірістік цехтармен және Байер мен агломерациялау әдістерін үйлестіретін глинозем өндірісінің бірегей технологияларымен таныстырды.
«Алюминий Қазақстан» АҚ Бас директоры Владимир Красноярский Еуропалық Одақ өкілдеріне озық әлемдік тәжірибеге сай зауыт жабдықтарын жаңғырту туралы айтып берді, сондай-ақ жүзеге асырылып жатқан экологиялық және әлеуметтік бағдарламалардың негізгі бағыттарымен бөлісті.
Қазақстан электролиз зауытына барған кезде еуропалық делегаттар зауыттың жыл сайынғы өндірістік қуатының деңгейіне — 1,4 млн тонна глинозем мен 250 мың тонна жоғары сапалы алюминийге — қайран қалды. Еуропалық Одақ елдерінің дипломатиялық корпус өкілдері дайын өнімді (алюминий құймаларын) Еуропалық Одақтың жетекші елдеріне жеткізу тұрғысынан ынтымақтастықтың мүмкін бағыттарын, сондай-ақ еуропалық елдерден ERG-ге жаңа технологиялар тартудың мүмкіндіктерін өздері үшін атап өтті.
Күннің екінші жартысында ЕО-ның ҚР-дағы Өкілдігінің Елшісі К.Янкаускас бастаған делегация Павлодар облысы әкімінің орынбасары А.Құрманованың кездесуін өткізіп, оның барысында ЕО елдерінің Павлодар облысы аумағында ықтимал инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері, сондай-ақ тікелей сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту мүмкіндігі талқыланды. Кездесу барысында Еуропалық Одақ елдері тарапынан ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және қалдықтарды кәдеге жарату, көлік пен логистика, металлургия мен мұнай химиясы саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге елеулі қызығушылық білдірілді.
Павлодар облысы Әкімдігінің басшылығы Павлодар облысының республиканың ірі өнеркәсіп орталығы екенін атап өтті. Шетелдік инвесторлар үшін еркін экономикалық аймақ аумағында барлық түрдегі коммуникацияларды жүргізуді қоса алғанда, қолайлы жағдай жасалған. Сондай-ақ жан-жақты серіктестік үшін маңызды салалар — сирек кездесетін металдарды өндіру және жаңартылатын энергия көздерін өндіру мәселелері жеке талқыланды.
Тараптар Павлодар өңірінің басым инвестициялық жобаларын БеНиЛюкс Сауда Палатасы алаңында ілгерілетуге келісті.
Еуропалық Одақтың Қазақстан экономикасының жетекші сауда серіктесі әрі ірі инвесторы болып табылатынын атап өткен жөн.
Фотогалерея
Ұқсас жарияланымдар
БеНиЛюкс Сауда Палатасы Бельгия сауда миссиясы аясында «Doing Business in Kazakhstan» семинарына қатысты

IGK Group мен БеНиЛюкс Палатасының дөңгелек үстелі: «Заманауи реалийлердегі тәуекел-менеджмент»

Санкциялық комплаенс және оның Қазақстанға әсері бойынша семинар


