
БеНиЛюкс Сауда Палатасы BLCCA мәртебесін алды
2023 жылғы 15 ақпанда БеНиЛюкс Сауда Палатасы шетелдегі Бельгия-Люксембург Сауда Палаталары федерациясының (BLCCA) Қауымдастырылған палатасы мәртебесін алды.
Аккредиттеу бағдарламасында баяндалған стандарттарды қабылдай отырып, Палата Люксембург, Бельгия мен олардың өңірлерінің сауда және экономикалық мүдделерін ілгерілетуде кемелдікке ұмтылу міндеттемесін өз мойнына алады.
ЖАҺАНДЫҚ ЖЕЛІГЕ ҚОСЫЛУ
BLCCA аккредитациясы БеНиЛюкс Палатасына Палаталардың Дүниежүзілік желісіне интеграциялану мүмкіндігін береді. ICC және EUROCHAMBERS-пен ынтымақтастық әлемдік аренада өзін таныту мүмкіндігін береді. Аккредиттеу бағдарламасы компаниялар, билік органдары мен басқа палаталардың сеніміне ие болып, Қазақстанмен байланысты стратегиялық жобалар бойынша БеНиЛюкс Палатасымен тығыз ынтымақтастықты ынталандырады.
БЕЛЬГИЯ МЕН ЛЮКСЕМБУРГТАҒЫ ПАЛАТАЛАРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
BLCCA желілік аккредитациясы Палатамызға шетелдегі басқа BeLux палаталарымен ынтымақтасуға және тұрақты байланыстар, бірлескен вебинарлар мен бір-бірінің қызметіне артықшылықты қолжетімділік арқылы берік өзара іс-қимыл орнатуға көмектеседі.
БИЗНЕСТІ КЕҢЕЙТУ ҮШІН КӨБІРЕК МҮМКІНДІКТЕР
BLCCA CONNECTS және жедел дамып келе жатқан онлайн бизнес-платформа арқасында БеНиЛюкс Сауда Палатасының мүшелері шетелде жаңа серіктестерді жылдам әрі қауіпсіз таба алады.
БЕЛЬГИЯ МЕН ЛЮКСЕМБУРГТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫНА ЕСТІЛУ
Бельгия мен Люксембургтың федералды және өңірлік билік органдары BLCCA желісін екіжақты және жергілікті Сауда Палаталарының жалауы деп таниды. BLCCA желісінің басқа қатысушыларымен бірлесе әрекет ете отырып, БеНиЛюкс Сауда Палатасы өз мүшелерінің мүддесін жақсырақ қорғай алады.
Фотогалерея
Ұқсас жарияланымдар
БеНиЛюкс Сауда Палатасы Бельгия сауда миссиясы аясында «Doing Business in Kazakhstan» семинарына қатысты

IGK Group мен БеНиЛюкс Палатасының дөңгелек үстелі: «Заманауи реалийлердегі тәуекел-менеджмент»

Санкциялық комплаенс және оның Қазақстанға әсері бойынша семинар


