info@benelux.kz
BeNeLux – Open 2023 теннис турнирі
Баспасөз релизі2023 жылғы мамыр

BeNeLux – Open 2023 теннис турнирі

БеНиЛюкс Сауда Палатасы
Оқу уақыты — 1 мин

2023 жылғы 20 мамырда ҰҒТО РК «Beeline Arena» теннис залында ҚР-дағы «БеНиЛюкс» Сауда палатасы ЕО Өкілдігінің қолдауымен Палатаның құрылғанына 2 жыл толуына орай BeNeLux-Open 2023 достық теннис турнирін ұйымдастырды.
Турнирдің бас демеушісі — «Beeline Казахстан» компаниясы болды. Теннис турнирінің бастамашысы, Палатамен қатар, Нидерланды Корольдігінің ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі мырза Андре Карстенс болды, ол іс-шараға құрметті қонақ әрі ойыншы ретінде белсенді қатысты.

Турнирге ҚР аумағында аккредиттелген ЕО елдерінің — Нидерланды, Австрия, Испанияның дипломаттары, БеНиЛюкс Сауда палатасы мүшелерінің қатарынан іскерлік қоғамдастықтың өкілдері: «Beeline Казахстан» компаниясы Бас директоры Евгений Настрадиннің тұлғасында, «EGR», «AMF group», «Soudal», «BGDN» компаниялары қатысты.
Сондай-ақ турнирге ҚР СІМ, «Kazakh Invest», «ҚМФО», «Astana Hub» өкілдері қатысты.

Бұл турнирдің мақсаты — теннис дипломатиясы арқылы еуропалық дипломатиялық топтар мен қазақстандық іскерлік қоғамдастық арасындағы достық қарым-қатынасты жаңа серіктестік байланыстар орнатуға бағытталған түрде нығайту болды.

Турнир аяқталғаннан кейін қатысушылар ҰҒТО РК баспасөз орталығында ұйымдастырылған коктейль қабылдауында бейресми жағдайда сөйлесе алды, БеНиЛюкс Сауда Палатасының Президенті мырза Денис Ван ден Вейхтің қолынан 1 және 2 орынға арналған сыйлықтарды алды. Қабылдаудың демеушілері — «Line Brew» және «Leonidas» компаниялары болды.

Турнир жеңімпаздары — «BGDN» компаниясының Бас директоры мырза Ромэн Кенет пен Австрия Елшілігінің ҚР-дағы Сауда бөлімінің басшысы мырза Клеменс Махаль болды. Екінші орынды «ERG» компаниясының жұбы — мырза Павел Крутых пен мырза Ақылбек Алтынбеков иеленді. Іс-шара жылы, достық жағдайда өтіп, қатысушылар турнирді жыл сайын өткізуді жалғастыруға ниет білдірді.

Фотогалерея

Сайт дұрыс жұмыс істеуі және ыңғайлы болуы үшін cookie файлдарын пайдаланамыз. Толығырақ