info@benelux.kz
#Бірлікте – Күш: ERG Мемлекет басшысының бастамаларын қолдайды және барлық міндеттемелерін орындауды жалғастырады
Жаңалықтар2022 жылғы қаңтар

#Бірлікте – Күш: ERG Мемлекет басшысының бастамаларын қолдайды және барлық міндеттемелерін орындауды жалғастырады

БеНиЛюкс Сауда Палатасы
Оқу уақыты — 3 мин

Eurasian Resources Group-тың 60 мыңдық ұжымы мен басшылығы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру бастамаларын қолдайды. Компания «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының құрылуын қолдайды және қазақстандықтарды тұрақты негізде қолдау үшін аударымдар жасауға дайын.

– ERG өз қызметінің басынан бері қызметкерлер, өңірлер және ел алдында жоғары әлеуметтік міндеттемелер алды. Біз ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ірі бизнестің Қазақстан халқы алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін арттыру саясатын қолдаймыз, – деп атап өтті ERG Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич. – Коронавирус пандемиясымен байланысты қиындықтарға қарамастан, біз өз қызметімізге тұрақты даму принциптерін енгізуді жалғастырдық. Мемлекет басшысы өз сөзінде ESG талаптарының күшею жағдайында осы жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Топ осы бағытта белсенді қадамдар жасауда. Өткен жылы-ақ компанияда экология, әлеуметтік даму және корпоративтік басқару (ESG) мәселелері жөніндегі комитет құрылды. Өндірісті экологияландыру бойынша шамамен 800 млрд теңгеге жобалар портфелі қалыптастырылды.

ERG кәсіпорындары өзінің 27 жылдық қызметі бойы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып келеді.

27 жыл ішінде Еуразиялық Топтың өңірлерге, оның ішінде ERG-тің облыс әкімдіктерімен меморандумдарын қоса алғанда, әлеуметтік инвестициялары сомасы 1 млрд. АҚШ долларынан асты.

Компания қолдауымен іске асырылған жобалар қатарында Екібастұз қаласында балалар музыка мектебін салу, 16 спорт және балалар алаңы, футбол ойнауға арналған шағын алаңдар, туған қалаларындағы жоғары оқу орындарын, колледждерді, мектептер мен балабақшаларды қолдау, аз қамтылған отбасылардың 1 000 мектеп оқушысы үшін тегін репетиторлық курстар, Ақтөбедегі көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларын жөндеу, Қостанайдағы халықаралық әуежай терминалы ғимараты, Ақтөбедегі қалалық жедел медициналық жәрдем станциясын жарақтандыру, Павлодарда жағдаяттық орталық құру, Түркістандағы «Күлтөбе қалашығы» жобасы аясында тарихи нысандарды қалпына келтіру, «Астана Опера» опера және балет театрын, Ботаникалық бақты салу және жүздеген басқа жобалар бар.

2021 жылы туған өңірлерде орта білімді дамытуға, инженерлік-техникалық мамандықтар мен цифрлық технологияларды насихаттауға бағытталған жаңа «ERG мектепке» бағдарламасы басталды. Жобаға қазірдің өзінде 280 мектеп қатысуда.

Сонымен қатар, 2017 жылдан бастап ERG-тің «Студенттік кәсіпкерлік экожүйесі» білім беру жобасы жастар мен оқытушыларға кәсіпкерлік саласында білім мен дағды алуға мүмкіндік береді. Жұмыс істеген бес жыл ішінде қазақстандық жоғары оқу орындарының 5 мыңнан астам студенті кәсіпкерлікке оқытылды. Ондаған бизнес-идея іске асырылды, жұмыс орындары құрылды. 2019 жылы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай қаласында жоба қатысушыларымен кездесті.

Топтың өз спорт кешендерінің базасында Хромтау, Рудный, Қашар, Октябрьский кентінде, Ақсу мен Ақтөбеде тегін спорт секцияларына 2 500-ден астам бала қатысады.

Тек 2021 жылы ERG қайырымдылыққа бөлген жалпы сома 26,3 млрд теңгеден асты.

ERG-де бүгінде ESG критерийлерін сақтамай әлемдік нарықта табысты компания болу мүмкін еместігін түсінеді. Өндірісті экологияландыру бойынша 2030 жылға дейін 800 млрд теңгеге жобалар портфелі қалыптастырылды. Мақсат – 2031 жылға қарай қатты заттардың шығарындыларын 56%-ға, ал су айдындарына тасталатын қалдықтарды 2026 жылға қарай 30%-ға қысқарту.

EY* зерттеуіне сәйкес, 2015 жылдан бастап ERG орта есеппен жыл сайын Қазақстанның ЖІӨ-нің 1,8%-ын қамтамасыз етеді. 2020 жылы Топтың Қазақстанның ЖІӨ-не қосқан толық үлесі 1,27 трлн теңгені құрады, бұл экономиканың төрт саласының қосылған құнымен салыстырмалы. Алдын ала бағалау бойынша, 2021 жылы ERG-тің ЖІӨ-ге қосқан үлесінің осындай серпіні сақталды.

Топ өз қызметімен барлық қатысу өңірлерінде бизнестің дамуын қолдайды. Тек 2019–2020 жылдары ғана ERG қолдауымен бизнес 4,56 трлн теңгеге өнім шығарды.

Қазақстандағы кәсіпорындардың өзіндік 60 мыңдық қызметкерлер штатынан бөлек, Топ 146,5 мың жұмыс орнын қамтамасыз етеді және қолдайды.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Топтың қазақстандық кәсіпорындарында өндірістік персоналдың жалақысы 20–35%-ға көтерілді. Бұл мақсатқа ERG қосымша 70 млрд теңге бөледі. Толығырақ осы жерде.

2021 жыл қорытындысы бойынша ERG 377 млрд теңге салық төледі. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 65%-ға көп, ол кезде ERG-тің салықтық үлесі 228 млрд теңгені құрады.

*ERG-тің 2015–2018 және 2019–2020 жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан толық үлесі туралы зерттеулер

Дереккөз: erg.kz.

Фотогалерея

Сайт дұрыс жұмыс істеуі және ыңғайлы болуы үшін cookie файлдарын пайдаланамыз. Толығырақ