
Люксембург Сауда палатасының халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Регина Хвастунованың жұмыс сапары
Осы жылдың 27 ақпан — 1 наурызы аралығында Астана мен Алматы қалаларында Люксембург Сауда палатасының халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Регина Хвастунованың жұмыс сапары өтті. Люксембург Палатасының серіктес ұйымы ретінде БеНиЛюкс Сауда палатасы осы сапарды дайындауға және екі қалада өткен кездесулерге белсене қатысты.
Астанада Р.Хвастунова Халықаралық қаржы орталығы «Астананың» Басқарушы директоры мырза Нұрлан Тоймбекпен, «Kazakh Invest» компаниясының инвестицияларды ілгерілету және маркетинг жөніндегі директоры Нұржан Әбілхайырмен, Astana Digital Hub Бас директоры Мағжан Мәдиевпен, сондай-ақ ERG компаниясының корпоративтік коммуникациялар жөніндегі директоры Фатима Қосаевамен кездесті. Қазақстан тарапы 2023 жылғы қазанда өтетін Люксембургтің Қазақстанға сауда миссиясына (шамамен 30 люксембургтық компания) үлкен қызығушылық танытып, оны ұйымдастыруда толыққанды қолдау көрсетуге сендірді. Люксембург пен Қазақстан Люксембург Еуропада көшбасшы позицияда тұрған қаржы саласы, логистика, сондай-ақ IT технологиялары, ғарышты зерттеу, сақтандыру, цифрландыру сияқты салаларда ынтымақтастықты одан әрі дамытуға орасан зор әлеуетке ие.
Алматыда ханым Хвастынованы Бельгияның Сауда-экономикалық өкілдігі «AWEX» басшысы Айжан Мусақова қабылдады.
Алматы қаласы Әкімдігі Инвестициялар департаменті басшысының орынбасары Дени Ахмаров пен «Қолдау» кәсіпкерлік орталығының Бас директоры Айдан Рамазанмен кездесу барысында екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселесі, сондай-ақ қала билігінің сауда миссиясының Қазақстанға алдағы келуін дайындаудағы жәрдемі талқыланды.
Екі қалада да Кеңесшінің БеНиЛюкс Сауда Палатасының мүшесі компаниялардың өкілдерімен кездесулері өтті: Астана қаласында «AMF», «SOUDAL» компаниялары, Алматы қаласында — «Caspian Global», «Prime Management», «Geeko» компаниялары мен жеке кәсіпкер Крис Ван ден Брюгге қатысты. Ханым Хвастунова елдегі қазіргі экономикалық жағдай туралы ақпаратпен бөлісіп, Люксембург Сауда палатасының презентациясын өткізді, сондай-ақ қазандағы сауда миссиясы кезінде БеНиЛюкс Палатасының мүше компанияларының люксембургтық компаниялармен кездесуін өткізуді ұсынды.
Люксембург Сауда Палатасы туралы анықтама.
Люксембург Сауда палатасы (1841 жылы құрылған) — кәсіби палата, мемлекеттік мекеме, ол ауыл шаруашылығы мен қолөнерден басқа бизнестің барлық секторын қамтиды. Сауда палатасының негізгі рөлі — мүше компаниялардың мүддесін қорғау. Палатаға мүшелік міндетті болғандықтан, Сауда палатасында шамамен 90 000 мүше бар, бұл жалдамалы жұмысшылардың жалпы санының 75%-ына және Люксембургтің ЖІӨ-нің 80%-ына сәйкес келеді, бұл оны елдегі жұмыс берушілерді білдіретін ең ірі кәсіби палатаға айналдырады. Люксембург Сауда палатасы Люксембургтің бизнесі мен экономикасының жалауы болып табылады және өнеркәсіп, сауда, банк ісі, қаржы, қызметтер, сақтандыру, қонақүй бизнесі мен қоғамдық тамақтандыру секторларында жұмыс істейтін барлық компанияларды біріктіреді.
Дереккөз: Люксембург Сауда Палатасы
Фотогалерея
Ұқсас жарияланымдар
БеНиЛюкс Сауда Палатасы Бельгия сауда миссиясы аясында «Doing Business in Kazakhstan» семинарына қатысты

IGK Group мен БеНиЛюкс Палатасының дөңгелек үстелі: «Заманауи реалийлердегі тәуекел-менеджмент»

Санкциялық комплаенс және оның Қазақстанға әсері бойынша семинар


