
ҚР аумағында келісімшарттық өндіріс аясында инновациялық фармацевтикалық өнім мен медициналық техниканы тарту және локализациялау
17 қаңтарда «СК-Фармация» алаңында «Инвестицияларды тарту және ҚР аумағында келісімшарттық өндіріс аясында инновациялық фармацевтикалық өнім мен медициналық техниканы локализациялау» вебинары өтті. БеНиЛюкс Сауда Палатасы бұл іс-шараның бірлескен ұйымдастырушысы ретінде ҚР-да аккредиттелген Дипломатиялық миссияларды, сондай-ақ еуропалық компанияларды қатысуға тарту жөнінде жұмыс жүргізді.
Кездесуге Дипломатиялық миссиялардың басшылары қатысты: Нидерланды Корольдігінің Елшісі Андре Карстенс, Швеция Елшісі Ева Полано және Австрия Елшісі Вилли Кемпель — онлайн форматта, ГФР Елшілігінің Уақытша Сенімді Өкілі — экономикалық бөлім басшысы Холгар Коллей, дипломатиялық миссиялар басшыларының орынбасарлары — Флориан Лере (Бельгия), Давид Матос (Португалия), Томаш Коллат (Польша), Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігі сауда бөлімінің басшысы Агнешка Осецка, Назарбаев Университеті Медицина мектебінің медицина жөніндегі Вице-Президенті — Деканы Массимо Пиньятелли, «Казахинвест» АҚ сервистік қолдау департаментінің директоры Алида Туебекова, СК-Фармация мен БеНиЛюкс Сауда Палатасының басшылығы.
Іскерлік топтардың өкілдері де қатысуға шақырылды: нидерландтық «Kazorange», «Janssen», «Philips» компаниялары, португалдық «Ihcare» мен «Farmaka» компаниялары, британ-швед «AstraZeneca» фармацевтикалық компаниясы, «STADA Kazakhstan», «Bayer» және басқалары.
Жалпы алғанда халықаралық вебинарға 10-нан астам елді білдіретін 85 қатысушы қатысты, олардың 60-ы онлайн режимде қатысты.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе — ҚР аумағында келісімшарттық өндіріс аясында инвестицияларды тарту және инновациялық фармацевтикалық өнім мен медициналық техниканы локализациялау болды.
Фармацевтикалық компаниялар неғұрлым кең қызмет спектрін ұсынатын немесе өндірісте стратегиялық маңызды әрі ұзақ мерзімді рөл атқаруға дайын келісімшарттық өндірушілерді іздестіруде.
СК-Фармация Төрағасы Ерхат Ысқалиев ЕО тарапынан елдің фармацевтика саласына қызығушылықтың артып келе жатқанын жағымды атап өтті. СК-Фармация «Philips», «Kazorange», «Janssen» сияқты нидерландтық компаниялармен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі: дәрі-дәрмек пен жабдықтың дәстүрлі жеткізілімдерімен қатар, ҚР аумағында жинақтау процесін жолға қою мәселесі де, әрі қарай ЕО нарығына шығуды көздей отырып, қаралуда.
БеНиЛюкс Сауда палатасының Бас директоры Ануар Куржикаев қатысушыларды Палатаның ағымдағы жылға арналған жоспарларымен таныстырып, Johnson&Johnson компаниялар тобына кіретін Janssen компаниясын БеНиЛюкс Палатасының жаңа мүшесі ретінде құттықтады.
Кездесу қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі, СК-Фармация, БеНиЛюкс палатасы өкілдерінен тұратын қазақстандық делегацияның іскерлік қоғамдастықпен келіссөздер жүргізу үшін Нидерланды Корольдігіне сапарын ұйымдастыру жоспарлары белгіленді. Тараптар сондай-ақ еуропалық фармацевтикалық компаниялардың қазақстандық нарыққа шығуы жөніндегі жоғарыда аталған міндеттерді әрі қарай пысықтау үшін БеНиЛюкс Сауда Палатасы мен СК-Фармация арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасасуға келісті.
Отандық фармацевтикалық және медициналық өнім өндірісін дамытуды қолдау мақсатында өткізілетін осындай іс-шаралар аясында Бірыңғай дистрибьютор «СК-Фармация» ЖШС жаһандық ойыншылардың ҚР-ға «қаптаудан бастап толық өндіріс циклына дейін» кіруі үшін алаң қамтамасыз ету бастамасын ұсынады.
Фотогалерея
Ұқсас жарияланымдар
БеНиЛюкс Сауда Палатасы Бельгия сауда миссиясы аясында «Doing Business in Kazakhstan» семинарына қатысты

IGK Group мен БеНиЛюкс Палатасының дөңгелек үстелі: «Заманауи реалийлердегі тәуекел-менеджмент»

Санкциялық комплаенс және оның Қазақстанға әсері бойынша семинар


