info@benelux.kz
Президент «АрселорМиттал» компаниясының атқарушы төрағасы Лакшми Митталды қабылдады
Жаңалықтар2022 жылғы қыркүйек

Президент «АрселорМиттал» компаниясының атқарушы төрағасы Лакшми Митталды қабылдады

БеНиЛюкс Сауда Палатасы
Оқу уақыты — 1 мин

Кездесу барысында «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының Қазақстандағы қызметінің өзекті мәселелері, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлар талқыланды.

Әңгіменің негізгі тақырыбы — өндірістегі қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз ету, жергілікті азаматтар үшін еңбекақыны әділ төлеу, әлеуметтік міндеттемелерді орындау және материалдық-техникалық базаны жаңғырту мәселелері болды.

Мемлекет басшысы компанияның осы талаптар мен міндеттемелерді сақтауының аса маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар Президент ішкі нарықтың қажеттілігін «АрселорМиттал Теміртау» өнімінің жеткізілімдері есебінен қанағаттандыру мәселесіне назар аударды.

Сонымен бірге компанияның парниктік газдар шығарындыларын қысқарту жөніндегі шараларына жеке назар аударылды.

Лакшми Миттал Қасым-Жомарт Тоқаевқа жақын арада «АрселорМиттал» Қазақстанға 1 млрд доллар инвестиция салатынын, оның басым бөлігі өндірісті жаңғыртуға жұмсалатынын растады.

Дереккөз: akorda.kz

Фотогалерея

Сайт дұрыс жұмыс істеуі және ыңғайлы болуы үшін cookie файлдарын пайдаланамыз. Толығырақ