
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес Президенті Шарль Мишельмен кездесті
«Орталық Азия — Еуропалық Одақ» саммитінің аясында мемлекетіміздің Басшысының Еуропалық Кеңес Президенті Шарль Мишельмен кездесуі өтті.
Шарль Мишельді қарсы алу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Еуропалық Одақпен стратегиялық серіктестігінің басым сипатын атап өтті. Еліміздің ЕО-мен кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімі тереңдетілген өзара іс-қимылдың жаңа кезеңіне жол ашты. Бүгінде ЕО Қазақстан экономикасының жетекші сауда серіктесі әрі ірі инвесторы болып табылады.
Өз кезегінде Шарль Мишель Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың өсіп келе жатқан қарқынына жоғары баға беріп, өзара іс-қимылды одан әрі дамыту жөнінде бірлесіп жұмыс істеу қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ жаһандық және өңірлік күн тәртібі мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.
Дереккөз: akorda.kz
Фотогалерея
Палата жаңалықтары поштаға
Аптасына бір рет, дүйсенбі күні — сайттың жаңа материалдары: Палата жаңалықтары, іс-шаралар және нарыққа шолу.
Ұқсас жарияланымдар
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

БеНиЛюкс Сауда Палатасы Бельгия сауда миссиясы аясында «Doing Business in Kazakhstan» семинарына қатысты

IGK Group мен БеНиЛюкс Палатасының дөңгелек үстелі: «Заманауи реалийлердегі тәуекел-менеджмент»


