
Люксембург Ұлы Герцогтігінің Елшісінің БеНиЛюкс Сауда Палатасы кеңсесіндегі кездесуінің баспасөз релизі
2022 жылғы 13 маусымда БеНиЛюкс Сауда Палатасының кеңсесінде Ресей Федерациясындағы, қоса атқарушы ретінде Қазақстан Республикасында да аккредиттелген Люксембург Ұлы Герцогтігінің Елшісі мырза Жорж Фабердің Палата басшылығымен кездесуі өтті.
Келіссөздер барысында Бас Директор Нұрбек Ергешбаев Палатаның атқарған жұмысы туралы толық ақпарат беріп, Қазақстан аумағында бизнесті дамыту мен ілгерілету саласындағы, атап айтқанда «Paul Wurth S.A.», «SES» және «CargoLux» бойынша екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша елдеріміз арасындағы іскерлік ынтымақтастықты одан әрі күшейту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Фотогалерея
Палата жаңалықтары поштаға
Аптасына бір рет, дүйсенбі күні — сайттың жаңа материалдары: Палата жаңалықтары, іс-шаралар және нарыққа шолу.
Ұқсас жарияланымдар
Қазақстан — Бельгия іскерлік кеңесі: Антверпен-Брюгге мен Ақтау порттары, аса маңызды минералдар және протондық терапия

Қазақстан мен Бельгияның Alem.ai-дағы Ректорлар форумы: университеттер ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды

Қазақстан-бельгия ЖИ зертханасы және Гент университетінің телескопы: король Филипп Alem.ai орталығында болды


