info@benelux.kz
Health&Safety конференциясының баспасөз релизі
Конференциялар2022 жылғы мамыр

Health&Safety конференциясының баспасөз релизі

БеНиЛюкс Сауда Палатасы
Оқу уақыты — 3 мин

БеНиЛюкс Сауда палатасы Орталық Азиядағы Германия экономикасының өкілдігімен және ҚР-дағы Германия экономикасы одағымен бірлесіп, 2022 жылғы 18–20 мамырда Алматы қаласында өткен «Денсаулық сақтау» атты 27-ші Халықаралық көрмесінің — KIHE 2022 — алаңында «Health&Safety» бірлескен конференциясын өткізді.

Мемлекет басшысының ҚР халқына Жолдауларында айтылған елдің денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту тапсырмаларын ескере отырып, медицина және фармацевтика саласының мамандары Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі алдында тұрған өзекті мәселелерді талқылады.

Конференцияны Орталық Азиядағы Германия экономикасы өкілдігінің басшысы Ховсеп Васканян және ЗТБ «Ассоциация «БеНиЛюкс Сауда Палатасы» Президенті Денис Ван ден Вейх ашты. Құттықтау сөздерімен Германияның ҚР-дағы Елшісі Моника Иверсен, Бельгия Елшісі Анри Вантигем, Нидерланды Елшісі Андре Карстенс, «СК-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы Ерхат Ысқалиев мырза, сондай-ақ ҚР-ның Бельгия мен Люксембургтегі Елшісі Марғұлан Баймұхан және ҚР-ның Нидерландыдағы Елшісі Асқар Жұмағалиев те сөз сөйледі.

Конференция екі панельдік сессиядан тұрды: «Фармация» және «Медициналық қызметтер мен жабдықтар», оларға ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанындағы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Сұлтанов модератор болды.

Бірінші панельдік сессия барысында «Bayer», «Janssen» («Johnson&Johnson» компаниялар тобы), «Bionorica», «KazOrange» сияқты халықаралық компаниялардың, сондай-ақ қазақстандық «Каз-Диа-Тест» компаниясының өкілдері сөз сөйлеп, Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің ерекшеліктерін, ағымдағы шындықты және болашақ сын-қатерлерді таныстырды.

«Bayer KAZ» Бас директоры Лаума Валтеренің айтуынша, Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі үнемі жетілдіріліп келеді, онкология, диабет және сирек кездесетін аурулары бар пациенттерге ерекше көңіл бөлінеді. Ол қазіргі кезде белгілі бір табысқа қол жеткізілгенін, бірақ қазақстандық пациенттердің инновациялық препараттарға қолжетімділігіне қатысты бірқатар олқылықтар әлі де сақталып отырғанын атап өтті. Соның бірі — жаңа препаратты мемлекеттік бағдарламаға қосу процесі, ол 5 жылдан астам уақытты алады.

Сонымен қатар спикерлер Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру бойынша өз көзқарастарымен бөлісті.

Осылайша, «Johnson&Johnson» компаниясының ҚР-дағы филиалының басшысы Әдлет Назарбаев патенттік құқықтарды қорғаудың маңыздылығын түсіндіріп, патенттік құқықтарды қорғау және инновациялық дәрі-дәрмектердің нарыққа шығу процесін оңтайландыру бойынша бірқатар ұсыныстар жасады.

«Bionorica» маркетинг жөніндегі директоры Шолпанай Таштенова фитониринг тұжырымдамасын түсіндіріп, 2021 жыл қорытындысы бойынша «Bionorica» компаниясының Қазақстандағы фитопрепараттар нарығының көшбасшысы ретіндегі рөлін атап өтті.

Өз кезегінде «Каз-Диа-Тест» ЖШС өкілі Виталия Нестерова компанияның медициналық диагностикалық тесттерді импорт алмастыру саласындағы дамуына қосқан үлесін атап өтті. Олардың жаңа жобасының мақсаты — диагностикалық тест жүйелерін өндірудегі әлемдік көшбасшылармен ынтымақтастық арқылы ассортимент пен өнім көлемі тұрғысынан ҚР нарығында көшбасшылыққа қол жеткізу.

«Kazorange» Бас директоры Александр Диамандидис компанияның шұғыл қажеттіліктер үшін тартымды бағамен жоғары сапалы дәрі-дәрмек жеткізуге назар аударуды жоспарлап отырғанын атап өтті. Компания дәрі-дәрмекті Қазақстанға көтерме сатып алу арқылы импорттауды жоспарлап отыр және қазір осы дәрі-дәрмекті Қазақстанда буып-түюге арналған стратегиялық серіктес іздестіруде.

Екінші панельдік сессия барысында Қазақстанда медициналық жабдықтарды дамыту мәселелері талқыланды. «Siemens Healthcare LLP» ЖШС Бас директоры Мархабат Рахимбаева Қазақстанның «Siemens» компаниясының стратегиялық серіктесі екенін және Орталық Азияда жалғыз данада бар, инновациялар символы саналатын соңғы буын жабдығы «ARTIS Icono»-ны сатып алғанын атап өтті, ол радиология, кардиология және хирургияда алмастырылмайды.

«Philips Health System» компаниясының Орталық Азия, Кавказ асты және Моңғолиядағы денсаулық сақтау бизнесін дамыту жөніндегі директоры Артем Падейский де медициналық жабдық саласындағы технологиялардың тоқтап тұрмайтынын атап өтіп, «Philips» компаниясының денсаулық сақтауды жаңғырту үшін кешенді міндеттерді қалай шешетінін көрсетті.

Конференция қорытындысы бойынша диалогты жалғастыру және ҚР денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мен одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін БеНиЛюкс Палатасы мен Орталық Азиядағы Германия экономикасы өкілдігінің алаңын пайдалану туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Конференция презентациялары:

Bayer
Bionorica
Johnson&Johnson
Kazorange
Philips
Siemens Healthineers
«Каз-Диа-Тест» ЖШС

Сайт дұрыс жұмыс істеуі және ыңғайлы болуы үшін cookie файлдарын пайдаланамыз. Толығырақ