info@benelux.kz
Қазақстан елшісі Люксембургтегі серіктестермен екіжақты ынтымақтастық мәселелерін «сағатты салыстырды»
Жаңалықтар2022 жылғы желтоқсан

Қазақстан елшісі Люксембургтегі серіктестермен екіжақты ынтымақтастық мәселелерін «сағатты салыстырды»

БеНиЛюкс Сауда Палатасы
Оқу уақыты — 1 мин

Люксембург, 2022 жылғы 8 желтоқсан — Қазақстанның Бельгия мен Люксембургтегі Елшісі Мәрғұлан Баймұхан Люксембургке барып, ел премьер-министрінің кеңсесінде және сыртқы саясат ведомствосында кездесулер өткізді.

Люксембург Премьер-министрінің дипломатиялық кеңесшісі Клод Фабер Қазақстанда жүргізіліп жатқан өзекті реформалар мен ҚР Президенті сайлауының қорытындылары туралы хабардар етілді. Әңгімелесушілер сондай-ақ екі ел арасындағы саяси байланыстар мен экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен одан әрі даму перспективаларын талқылады. Люксембургтық саясаткер өз елінде Қазақстандағы саяси реформаларды қолдайтынын және екіжақты қатынастарды одан әрі тереңдетуге бейіл екенін атап өтті.

Люксембург СІМ саяси департаментінің директоры Вероник Докендорфпен кездесуде өтіп бара жатқан жылдағы бірлескен жұмыстың алдын ала қорытындылары мен екіжақты күн тәртібіндегі алдағы іс-шаралар талқыланды. Тараптар қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін одан әрі байланысты сақтауға келісті.

Дереккөз: gov.kz

Фотогалерея

Сайт дұрыс жұмыс істеуі және ыңғайлы болуы үшін cookie файлдарын пайдаланамыз. Толығырақ