
Бельгия — Қазақстан бірінші Іскерлік кеңесі Астанада өтті
2023 жылғы 5 маусымда Астана қаласында Бельгия — Қазақстан бірінші Іскерлік кеңесі өтті.
Іс-шараның негізгі ұйымдастырушылары — Қазақстандағы БеНиЛюкс Сауда палатасы мен Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы болды.
Іскерлік кеңестің негізгі тақырыбы — бельгиялық компаниялардың ҚР нарығындағы қатысуын кеңейту және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру, Бельгия мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, бизнес-көшбасшылардың өзара іс-қимылы үшін платформа құру, сондай-ақ денсаулық сақтау, медициналық жабдық пен фармацевтикалық препараттар; ауыл шаруашылығы; тамақ өнеркәсібі; байланыс, көлік, логистика; инженерия мен инфрақұрылым; ақпараттық технологиялар, цифрландыру мен коммуникациялар; химия өнеркәсібі мен биотехнологиялар сияқты салаларда әлеуетті іскерлік мүмкіндіктерді зерттеу мәселелері болды.
Бұл іс-шара Қазақстандағы бизнестің дамуының соңғы үрдістерін білуге және Бельгиядан келген әлеуетті іскерлік серіктестермен кездесуге тамаша мүмкіндік болды.
Іскерлік кеңеске Қазақстан мен Бельгияның ресми және іскерлік топтарының өкілдері қатысты: Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі Елшісі мырза Баймұхан, Бельгия Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі мырза Вантигем, AWEX (Валлон экспорт және инвестициялар агенттігі) басшысы мырза Ришар, БеНиЛюкс Сауда палатасының Президенті мырза Денис Ван ден Вейх, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы басқармасының төрағасы мырза Аян Еренов, қазақстандық іскерлік қоғамдастықтың өкілдері (Халықаралық қаржы орталығы «Астана», «Байтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы, экономиканың түрлі салаларындағы бірқатар қазақстандық компания), сондай-ақ OTN SYSTEMS, ORFIT INDUSTRIES, AMB Ecosteryl, IBA және басқаларды қамтыған бельгия сауда миссиясының қатысушылары — бельгия компанияларының басшылары мен өкілдері.
Іс-шара гибридті форматта өтіп, шамамен 80 қатысушыны жинады.
Іскерлік кеңес аясында ҚР-дағы БеНиЛюкс Сауда Палатасы мен «СК-Фармация» ЖШС арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Фотогалерея
Ұқсас жарияланымдар
БеНиЛюкс Сауда Палатасы Бельгия сауда миссиясы аясында «Doing Business in Kazakhstan» семинарына қатысты

IGK Group мен БеНиЛюкс Палатасының дөңгелек үстелі: «Заманауи реалийлердегі тәуекел-менеджмент»

Санкциялық комплаенс және оның Қазақстанға әсері бойынша семинар


