
Нұржан Нұржігітов консулдық корпус өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді
«Zhambyl Economic and Investment Forum – 2023» халықаралық экономикалық инвестициялық форумы аясында Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов консулдық корпус өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді.
Кездесулерге Иран Ислам Республикасының Алматыдағы Бас консулы Мохсен Фагани, ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй, Бельгия Корольдігінің Алматы қаласындағы Құрметті Консулы Денис Ван ден Вейх қатысты.
Екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, стратегиялық серіктестікті дамыту, елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың әлеуеті талқыланды.
Облыс әкімі өңірдің инвестициялық мүмкіндіктеріне тоқталды.
Консулдық корпус өкілдері Жамбыл облысымен әлеуметтік-экономикалық байланыстарды нығайтуға қызығушылық танытты.
Дереккөз: gov.kz
Фотогалерея
Палата жаңалықтары поштаға
Аптасына бір рет, дүйсенбі күні — сайттың жаңа материалдары: Палата жаңалықтары, іс-шаралар және нарыққа шолу.
Ұқсас жарияланымдар
Қазақстан — Бельгия іскерлік кеңесі: Антверпен-Брюгге мен Ақтау порттары, аса маңызды минералдар және протондық терапия

Қазақстан мен Бельгияның Alem.ai-дағы Ректорлар форумы: университеттер ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды

Қазақстан-бельгия ЖИ зертханасы және Гент университетінің телескопы: король Филипп Alem.ai орталығында болды


