
Ғылыми-дипломатиялық диалог
2024 жылғы 11 шілдеде Экономикалық зерттеулер институты алаңында БеНиЛюкс Сауда Палатасымен бірлесіп, Құрметті консулдар қоғамының қолдауымен Ғылыми-дипломатиялық диалог өтті. Іс-шара ғылыми және дипломатиялық қоғамдастық өкілдерін біріктірді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — ғылыми және дипломатиялық қоғамдастық арасындағы диалогқа жәрдемдесу болды. Форумға 11 Елшіліктің өкілдері қатысты: Бельгия, Нидерланды, Ұлыбритания, Украина, Болгария, Үндістан, Малайзия, Ирак, Израиль және Нигерия. Осы дипломатиялық миссиялардың өкілдері өзекті деректердің маңыздылығы мен ғылыми-дипломатиялық ынтымақтастықтың мәнін атап өтіп, өткізілген іс-шараның мазмұндылығы мен пайдалылығын атап көрсетті.
Форум барысында Экономикалық зерттеулер институты басқармасының төрағасы мырза Руслан Сұлтанов Институттың ғылыми зерттеулер мен талдау саласындағы елеулі әлеуетін атап өтті. Қазақстанның жетекші аналитикалық орталықтарының бірі бола отырып, Институт ай сайын жаңартылатын аналитикалық, статистикалық және болжамдық деректерді қоса алғанда, ағылшын тіліндегі басылымдарының кең спектрін таныстырды. Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің Институттың дерекқорын өз есептері мен зерттеулері үшін анықтамалық база ретінде пайдалана алатыны атап өтілді.
Кездесу барысында Басқарма төрағасының орынбасары Әділ Құсманов Институттың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын қамтитын қызметін таныстырды. Өз кезегінде Институттың ғылыми кеңесшілері Долорес Тюлебекова мен Айшабиби Ныгмет аналитикалық материалдарды насихаттауға арналған Институттың ақпараттық ресурстарын таныстырды.
БеНиЛюкс Сауда Палатасының Бас директоры Ануар Куржикаев өз сөзінде атап өткендей, елшіліктер қызметкерлері есептерді дайындау барысында жиі интернет-порталдардың ақпараттық материалдарын пайдаланады. Сонымен бірге, Институттың аналитикалық базасы Институттың әлеуеті мен сарапшылардың құзыретіндегі құралдарға негізделген бірегей әрі ауқымды аналитикалық ақпарат көзі болып табылады.
Осылайша, KazEconomy телеграм-арнасы және economy.kz сайты түрінде ұсынылған ақпараттық-аналитикалық экожүйе іс-шара қатысушылары үшін, сондай-ақ қазақстандық аудиторияның басқа да топтары үшін негіз бола алады.
Фотогалерея
Ұқсас жарияланымдар
БеНиЛюкс Сауда Палатасы Бельгия сауда миссиясы аясында «Doing Business in Kazakhstan» семинарына қатысты

IGK Group мен БеНиЛюкс Палатасының дөңгелек үстелі: «Заманауи реалийлердегі тәуекел-менеджмент»

Санкциялық комплаенс және оның Қазақстанға әсері бойынша семинар


