
«Атамекен» ҰКП-мен дөңгелек үстел
2024 жылғы 28 ақпанда Астана қаласында ҚР «Атамекен» ҰКП «Бенилюкс Сауда палатасы» ЗТБ-мен бірлесіп «Мемлекет басшысының қазақстан халқына 2023 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты" атты Жолдауын өз қаражаты есебінен геологиялық зерттеу жүргізетін инвесторларға жер қойнауын пайдалануға басым құқық беру бөлігінде іске асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға ҚР Президентінің Кеңесшісі Болат Акчулаков, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, Энергетика министрлігінің, Геология комитетінің және «Қазақстандық Шетел Инвесторлар Кеңесі» қауымдастығының басшылары, геология саласының ардагерлері, қоғам қайраткерлері, тәуелсіз сарапшылар мен кәсіпкерлер қатысты.
Қатысушылар Жолдауда көрсетілген шараларды іске асыруда нақты қадамдардың жоқтығына алаңдаушылық білдіріп, жер қойнауын геологиялық зерттеу саласындағы инвестициялық ахуалды жақсарту әлеуетін талқылады, лицензиялық учаскелер шеңберінде инвесторларға көмірсутектерді барлау мен өндіруге басым құқық беру маңыздылығын атап өтті.
Сөзінде Бенилюкс Сауда палатасының Президенті Денис Ван ден Вейх Бенилюкс өңірінің (Бельгия, Нидерланды, Люксембург) ҚР-дағы №1 инвестор болып табылатынын атап өтіп, сондықтан жер қойнауын геологиялық зерттеу саласындағы инвестициялық ахуалды жақсарту және тиісті заңнамалық актілерге түзетулер енгізу елдегі бизнес-ортаны дамыту мен инвестиция тартудың, осылайша Әділетті Қазақстанның экономикалық бағытын қолдаудың маңызды қадамдары болып табылатынын атап өтті.
Фотогалерея
Ұқсас жарияланымдар
БеНиЛюкс Сауда Палатасы Бельгия сауда миссиясы аясында «Doing Business in Kazakhstan» семинарына қатысты

IGK Group мен БеНиЛюкс Палатасының дөңгелек үстелі: «Заманауи реалийлердегі тәуекел-менеджмент»

Санкциялық комплаенс және оның Қазақстанға әсері бойынша семинар


