
Қазақстан-бельгия Іскерлік кеңесі: ынтымақтастықтың жаңа кезеңін орнату
2023 жылғы 18 мамыр
Қазақстан-бельгия Іскерлік кеңесі: ынтымақтастықтың жаңа кезеңін орнату
Алматы, Қазақстан — Қазақстан Республикасының Сыртқы сауда палатасы мен «БеНиЛюкс» Сауда палатасы Қазақстан-бельгия Іскерлік кеңесін құру туралы келісімге қол қойды. Бұл құжатқа қол қою Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бельгия Корольдігіне табысты мемлекеттік сапарынан кейінгі екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі кезеңдерінің бірі болды.
Қазақстан-бельгия Іскерлік кеңесі Қазақстан мен Бельгия іскерлік қоғамдастығының өкілдері үшін ортақ мүдделерді талқылап, екі елдің мемлекеттік органдарымен конструктивті өзара іс-қимылды нығайту жөнінде ұсыныстар әзірлейтін тұрақты кездесулер алаңы болады. Қазақстан-бельгия Іскерлік кеңесінің бірінші отырысы осы жылғы 5 маусымда Астана қаласында өткізу жоспарланып отыр. Бұл маңызды оқиғаны ҚР-дағы БеНиЛюкс Сауда Палатасы мен Қазақстан Республикасының Сыртқы сауда палатасы ұйымдастырады.
Бельгия — Қазақстанның Еуропалық одақтағы ірі сауда серіктесі және инвестициялар мен жаңа технологиялардың маңызды көзі. 2022 жыл қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 514,5 миллион АҚШ долларын құрап, бұл өткен жылғы көрсеткіштен (418,3 миллион АҚШ доллары) 23%-ға жоғары. Қазақстан Бельгияға 272,1 миллион АҚШ долларына өнім экспорттады, ал Бельгиядан импорт 242,4 миллион АҚШ долларын құрады.
2005 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде Бельгиядан Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар шамамен 11,5 миллиард АҚШ долларын құрады. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында бельгия капиталының қатысуымен 70-тен астам кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың ішіндегі ірілерінің қатарында «Solvay Chemicals International SA», мұнай-газ саласының инфрақұрылымына маманданған «Sarens Group», баламалы энергия көздері саласында жұмыс істейтін «Evolion», тау-кен өндіру компаниясы «Carmeuse» және халықаралық логистикалық компания «Ahlers» бар.
Алматыдағы келісімге қол қою рәсіміне Парламентаралық одақ (IPU) қызметі аясында Қазақстанда болған Бельгия Федералды парламентінің депутаттар делегациясы қатысты.
Фотогалерея
Ұқсас жарияланымдар
БеНиЛюкс Сауда Палатасы Бельгия сауда миссиясы аясында «Doing Business in Kazakhstan» семинарына қатысты

IGK Group мен БеНиЛюкс Палатасының дөңгелек үстелі: «Заманауи реалийлердегі тәуекел-менеджмент»

Санкциялық комплаенс және оның Қазақстанға әсері бойынша семинар


