
Орталық Азия мен Еуроодақ Сыртқы істер министрлері алғаш рет толыққанды кездесу өткізді
Қазақстандық делегация Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған құрамда «Орталық Азия — Еуропалық Одақ» министрлер кездесуінің 19-отырысына қатысты. Бұл формат тарихта алғаш рет ОА-ның 5 елі мен ЕО-ның 27 мүше мемлекетінің сыртқы саясат ведомстволарының басшыларын біріктірді.
Отырыс барысында орталық азиялық мемлекеттердің Еуропалық Одақпен қарым-қатынасын тереңдету жөніндегі бірлескен жол картасы таныстырылды. Құжат 2023 жылғы 2 маусымда Чолпон-Ата қаласында ОА мемлекет басшылары мен Еуроодақ Кеңесінің Президенті арасында қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес әзірленді.
Отырыстың қорытындысы бойынша Орталық Азия елдері мен ЕО сыртқы саясат ведомстволары басшыларының бірлескен коммюникесі қабылданды, онда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылы Қазақстанда БҰҰ Климаттық саммитін өткізу және Аралды құтқарудың халықаралық қоры аясында тараптардың ынтымақтастығын кеңейту жөніндегі бастамалары көрініс тапты.
Дереккөз: gov.kz
Фотогалерея
Ұқсас жарияланымдар
БеНиЛюкс Сауда Палатасы Бельгия сауда миссиясы аясында «Doing Business in Kazakhstan» семинарына қатысты

IGK Group мен БеНиЛюкс Палатасының дөңгелек үстелі: «Заманауи реалийлердегі тәуекел-менеджмент»

Санкциялық комплаенс және оның Қазақстанға әсері бойынша семинар


